Нью-Йорктегі Метрополитен өнер мұражайы (The Met) 2027 жылғы Met Gala кешіне арналған Джон Гальяноның шығармашылығына негізделген көрмені өткізуден бас тартты. Бұл туралы мұражай мен сәнгер бірлескен мәлімдемеде хабарлады, деп жазады infohub.kz.
Гальяно бірнеше жыл бойы әлемдік сән индустриясының көшбасшысы болған еді. Алайда 2010-2011 жылдары оның антисемиттік және нәсілшілдік пікірлері әлеуметтік желіде тарап, Франциядағы сот процесіне әкеліп соқты. Нәтижесінде сәнгер антисемитизм бойынша айыпталды.
Гальяно мәлімдемесінде: «Көп ойланып, The Met және барлық тараптармен кеңескеннен кейін, мен үлкен өкінішпен көрмені қазіргі уақытта өткізбеу дұрыс деп шештім. Мен өткендегі сөздерімнен келтірген зардап үшін, әсіресе еврей және азиялық қауымдастықтарға тигізген зияным үшін толық жауапкершілікті мойындаймын және бұл үшін терең өкінемін», — деді.
Мұражай 2027 жылғы Met Gala-ға арналған жаңа көрменің жоспары кейінірек жарияланатынын мәлімдеді.


