Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы
Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі
Химия пәні мұғалімі: Саудағалиева Бибізада Ізетқызы
Сабақтың тақырыбы: Метан қатарындағы көмірсутектер туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты: білімділік: Көмірсутектерді жіктеуге сүйене отырып алкан, алкен, алкин, арендер жайлы алғашқы ұғымдарды қалыптастыру; қаныққан көмірсутектер жайлы жан - жақты түсінікті метан мысалында қалыптастыру және алкандар жайлы білім беру.
тәрбиелік: Оқуға саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге; тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру; белсенділіктерін, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту сабағы.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі сұрақ - жауап, ой - толғаныс, репродуктивті кестелермен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: 1. Интерактивтік тақта
2. Сабақ тақырыбы бойынша презентация.
3. Зертханалық құрал - жабдықтар.
4. Екі түсті карточкалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сабаққа қажетті құралдарын түгелдеп, дұрыс отыруына назар аудару. Сабақ мақсатын түсіндіру (1 - слайд).
II. Үй тапсырмасын тексеру:
1. «Сұрақ - жауап» (2 - 11 слайдтар)
1. Органикалық химия қандай химия саласы?
2. Органикалық заттар дегеніміз қандай заттар?
3. Органикалық химияның негізгі элементі?
4. Органикалық қосылыстардағы көміртектің валенттігі?
5. Органикалық қосылыстар қалай жіктеледі?
6. Метан құрамындағы көміртектің, сутектің массалық үлесі?
7. Метан табиғатта қалай түзіледі және қайда кездеседі?
8. Метанның физикалық қасиеттері қандай?
9. Метанның химиялық қасиеттері?
10. Метан қандай газбен қопарылыс беретін қоспа түзеді?
2. Химиялық тәжірибе: метанның екі түрлі жағдайда жануы (12 - 13 слайдтар).
3. Табиғи газды тұрмыста қолданудың қауіптілігі қандай?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру барысы: (14 - слайд)
Көмірсутек молекуласындағы сутек атомының орнын басқа атомдар мен атом топтары басқанда көмірсутектердің туындылары түзіледі. Мысалы, метан молекуласындағы бір сутек атомын метил тобына – СН₃ алмастырса, этан түзіледі.
Толық нұсқасын жүктеу
Метан қатарындағы көмірсутектер туралы түсінік
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз652 қаралым
#химиядан сабақ#алкан#алкен#алкин#алкандар#метан қатарындағы көмірсутектер#арендер жайлы алғашқы ұғымдар
Ұсынылады
Алматыда жарнама агенттігінің басшысы 473 миллион теңгені жымқырғаны үшін 8 жылға сотталды
Алматыда "Webcom Kazakhstan" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Евгений Горожанкинге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды. Ол 473 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деп айыпталып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 9 маусым
Хиджама: Қазақстандағы қан шығару емдеуінің қаупі мен салдары туралы дәрігерлер пікірі
Қазақстанда танымал болып келе жатқан хиджама процедурасының денсаулыққа зияны мен қауіптері туралы медицина мамандарының пікірін біліңіз.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 25 мамыр
Заттардың ерігіштігі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3C Ерітінділер мен ерігіштік Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы, 53 мектеп-лицей МКМКүні: Мұғалімнің аты-жөні: Химия және биология пән мұғалімі: Князова А.К.Сынып: 8 «Ә»Қат...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

