Мексиканың орталық бөлігіндегі діни мереке кезінде қайғылы оқиға болды. Пиротехниканың жарылысы шіркеудің бір бөлігін қиратты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Мехико штатындағы Темаскальсинго қаласындағы шіркеуде пиротехникалық материалдардың жарылысынан кемінде 10 адам қаза тауып, тағы 64 адам жарақат алды. Оқиға діни мереке өтіп жатқан шіркеуде болды. Жарылыс толқыны ғимараттың шатырының бір бөлігін және қабырғасын құлатты. Бірнеше адам қираған құрылыстардың астында қалды.

«Сегіз адам оқиға орнында қаза тапты, зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді», — делінген Мехико штаты үкіметінің мәлімдемесінде. Азаматтық қорғаныс мамандары, әскери күштер мен штат полициясы төтенше жағдайға ден қойып, қауіпсіздік хаттамаларын іске қосты.

Мехико штатының пиротехника институты оқиға орнында белсенді жарылғыш заттардың бар-жоғын тексеріп, тәуекелдерді азайту үшін оларды залалсыздандыру жөніндегі мамандарға ұсыныстар берді.