Тақырыбы: Мейірімділік – асыл қасиет
Мақсаты: Адамның бойындағы ұнамды – ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, оқушыларды адамгершілік, кішіпейілділік, тазалық, достық, ар - ұят, әдептілік, мейірімділік сияқты адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, слайдтар, нақыл сөздер
Барысы: 1. Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2. Жүргізуші:
Бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының « Мейірімділік – асыл қасиет»атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
1. Жүргізуші:
Жақсы болу өзіңнен
Жаман болу өзіңнен,
Өзіңді өзің ая да,
Өзіңнен үйрен, өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» - деп ойла.
2. Жүргізуші:
Жамандық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» - деп ойла.
Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңсің ақыл айнасы.
Тиеді саған мәні бар,
«Өзіңді тану» пайдасы.
1. Жүргізуші:
Табиғаттағы барлық жылу – күннен,
Өмірдегі барлық жылу – адамнан.
2. Жүргізуші:
Ендеше, адамдар бір - біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.
1. Жүргізуші:
Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
1 - 2 - сынып
Шаттық шеңбер құрып, бір - бірлеріне тілектерін айтады.
Әдеби – музыкалық монтаж.
1. оқушы.
Жақсы адам көңілі күн –
Жанға сәуле түсірген.
Нашар адам көңілі түн –
Кеудеден отты өшірген.
2. Оқушы
Талпын жақсы болуға,
Күндей сәуле шашатын,
Білім іздеп өнер тап,
Түнді күндей ашатын.
3. Оқушы
Айтқан тілді аламын,
Айтқан жерге барамын.
Мен әдепті, мен әдепті баламын.
4. Оқушы
Толған айдай жан болсаң,
Толсын ақыл ішіңе.
Күн көзіндей жан болсаң,
Ел сүйсінсің ісіңе.
5. оқушы
Сыйластықты іздеген,
Әдеп сақтар ізгі өрен.
Сыпайылық белгісі –
Үлкендерге «Сіз» деген.
Ән: Біз бақытты балдырған
Көрініс: «Жай ғана әжей»
Ән: Мен әдепті баламын
Көрініс: «Бейтаныс бала»
Ән. Болайықшы осындай
Көрініс: « Жүрек, қайрат, ақыл және ғалым»
2. Қорытынды.
«Мейірімділік» ұғымына жататын қасиеттерді топтастырайық.
Мейірімділік – асыл қасиет
Тақырыбы: Мейірімділік – асыл қасиет
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз683 қаралым
#тәрбие сағаты бастауыш сыныптарына#мейірімділік асыл қасиет
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

