Миланда өмір сүру құнының өсуіне қарсы өткен наразылық тәртіпсіздікке ұласып, 200-ден астам адам ұсталды. Олардың шамамен 80 пайызы — кәмелетке толмағандар, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Espressione24 басылымының аудармасына сілтеме жасаған РБК-нің мәліметінше, Италия қаласының құқық қорғау органдары қақтығысқа қатысқан екі жүзден астам адамды ұстады. Олардың басым көпшілігі — кәмелетке толмағандар.

Corriere della Sera басылымының аудармасына сілтеме жасаған РИА Новостидің дерегінше, тәртіпсіздік өмір сүру құнының өсуіне қарсы демонстрация кезінде басталған. Жексенбі күні кешке тәртіпсіздікке қатысушылар Виктор Эммануил II галереясына кіріп, Дуомо алаңындағы Rinascente әмбебап дүкенінің витринасын да қиратқан.

Газеттің жазуынша, содан кейін жастар «Ла Скала» театры орналасқан алаңға қарай бет алып, қоқыс жәшіктері мен велосипедтерді аударып жалғастырған. Театр ғимаратының алдында құқық қорғау күштерінің қатысуы күшейтілген.

БАҚ хабарлауынша, Милан орталығындағы тәртіпсіздікке кемінде 2 мың жас қатысқан.