- 02 ақп. 2019 00:00
- 237
Мысық
Мысық тұқымдас жыртқыштардың тіршілік құруында, тегі реңдерінде де ұқсастық бар. Жолбарыс, арыстан және мысық әруақыт жемін аулағанда дыбысын шығармай, жасырынып келеді.
Мысық Египетте бұдан 6 000 жыл бұрын қолға үйретіліпті. Сол жердегі қазбадан мысықтың бұзылмаған өлігі табылған. Мысықтарды бір ғана мақсат үшін тышқандарды кұрту үшін ғана өсірген, сондықтан олардың тұқымдарының түрі көп емес.
Мысықтың көргіштігі адамнан алты есе артып түседі. Ол таныс адамын 100 метрден артық қашықтықтан-ақ таниды. Біз күнге тіке қарай алмаймыз, ал мысық болса оған еркін қарайды. Ит адамнан, ал мысық иттен де жақсы естиді екен. Тыныштықта мысық 20 метр қашықтықтан шыққан тышқан қимылын сезе біледі.
Караңғылықтағы заттарды мысық ұзын мұрттары мен және қасымен де байқай алады. Тәжірибелерде мұртты мысық түнде қиын-қыстау жолдардағы заттарға соқтығыспай өте алған, ал мұртын алып тастағанда, оған керісінше, заттарға соқтығыса берген. Зерттеушілердің байқауынша мысық мұртымен жемнің көлемін, оның қозғалысын да байқай алады екен.
Мысықтарды жоғары көтеріп, шалқалатып жерге тастасаң, олар әруақыт төрт аяқтап жерге түсетіні белгілі. Мұныңда да өзіндік зандылығы бар. Мысық жерге құлап келе жатып құйрығын айналдыра қозғалтып, төрт аяқтап түсуіне жағдай жасайды екен. Ал, адамдарда мұндай құйрық жоқ. Егер оның орнына адам бір аяғын мысықтың құйрығынша бұрап қозғалтса, космос кеңістігінде оның да өзін-өзі игере алатындығы байқалған.