2026 жылдың алғашқы үш айында Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық тексерулер қорытындысы бойынша кәсіпкерлерге 109,7 млрд теңге салық есептеді. Бұл соманың 29,3 млрд теңгесі бюджетке өндірілді: 11,1 млрд теңгесі жаңа есептеулер болса, 18,2 млрд теңгесі өткен жылдардағы тексеру актілері бойынша жиналды, деп хабарлайды infohub.kz.
Жалпы, 2026 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік кіріс органдары 6 496 салықтық тексеру жүргізді. Көбінесе фискалдар қарсы тексерулер ұйымдастырды – олардың саны 3 118 болды. Сондай-ақ инспекторлар жекелеген мәселелер бойынша 1 739 тақырыптық тексеру, 1 184 қарапайым тақырыптық және 252 кешенді тексеру жүргізді. Бұдан басқа, МКК қызметкерлері 143 хронометраждық зерттеу жүргізіп, 60 бақылау актісін жасады.
Салыстыру үшін, 2025 жылдың барлық кезеңінде салық органдары 38 392 тексеру жүргізіп, бизнеске 292,2 млрд теңге салық есептеген болатын. Сол кезде өндірілген қаражаттың жалпы көлемі 97,8 млрд теңгеге жетті, оның 54,9 млрд теңгесі ағымдағы төлемдерге, ал 42,9 млрд теңгесі өткен жылдардағы тексерулер бойынша қарыздарға тиесілі болды.
Өткен жылғы тексерулердің құрылымы келесідей болды: ең көбі жекелеген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулер (17 422) және қарсы тексерулер (11 891) жүргізілді. Қарапайым тақырыптық тексерулер 6 431 жағдайды құраса, кешенді тексерулер – 1 796. Сонымен қатар, фискалдар 741 хронометраждық зерттеу жүргізіп, 111 бақылау актісін жазып берді.
Бұған дейін «Курсив» ДМК оңайлатылған режимдегі ЖК арқылы салық төлеуден жалтару схемаларын анықтағанын жазған болатын.


