Ресейлік әнші Елизавета Гырдымова (Монеточка ретінде белгілі) жаңа «Өрмекші-адам: Жаңа күн» фильмінде өзінің «Монополия» әні шырқалғанын айтты, деп хабарлайды infohub.kz.

Instagram-да жарияланған видеода әнші соңғы сәтке дейін болған оқиғаға сене алмағанын мойындады. «Балалар, мен сендерге бұл туралы айта алмадым, себебі оған рұқсатым болмады, сонымен қатар мен өзім де сене алмадым. Бізге Marvel хабарласқанда да, келісімшартқа қол қойғанда да, кеше алғашқы көрермендер көріп, маған жазғанда да. Тек қазір ғана кинотеатрдамын, залдан жаңа шықтым, не болғанын түсіне бастадым. Сондықтан "Монополия" әнін жақсы көретіндер, "Өрмекші-адамға" барыңдар, ол шынымен сол жерде», — деп көңіл-күйімен бөлісті әнші.

Монеточка әннің фонда емес, қатты әрі анық шырқалғанын атап өтті. «Мен бәлкім бір жерде ақырын, фонда шығар деп ойладым, бірақ жоқ, ол бүкіл залға естілетіндей қатты шықты. Оны естігенде жүрегім тоқтап қалды, бұл жай ғана ғажайып. Енді бұл менің сүйікті фильмім болады, сендердің де сүйікті фильмдерің болады», — деп қосты ол.

Әнші жанкүйерлерін кинотеатрларға баруға шақырып, оларды «өрмекшілерім» деп атады. «Енді сендер менің өрмекшілерім боласыңдар, балалар, кинотеатрларға барайық. Мен бұл болғанға әлі де сене алмаймын. Кешіріңдер, эмоциям тасып тұр, мүмкін кейін түсініктірек айтармын, бірақ әзірге уау, барлығымыз киноға барайық, попкорн сатып алып, рахаттанайық, менің өрмекшілерім», — деп сөзін түйіндеді орындаушы.