Солтүстік Қазақстан облысында педагог телефон алаяқтарының құрбаны болды. «Электрондық үкімет» порталының қызметкерлерінен келгендей болған қоңыраудан кейін ол 4 млн теңгесінен айырылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазады infohub.kz сайты.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелге алдымен қоңырау шалып, электрондық цифрлық қолтаңбасының (ЭЦҚ) мерзімі аяқталып жатқанын айтқан. Қоңырау шалушы оны ұзарту үшін SMS-хабарламадағы кодты атауды сұраған.

Кейін мұғалімге «Egov»-тың нағыз қызметкерлеріміз дегендер қоңырау шалып, оның кредиттік тарихында алаяқтар рәсімдеген қарыздар пайда болғанын хабарлаған.

Осы қарыздарды «жою» үшін қылмыскерлер әйелді «айналық кредиттер» алып, ақшаны «қауіпсіз» шоттарға аударуға көндірген. Мұғалім талапты орындап, 4 млн теңге аударған, содан кейін ғана алдауға түскенін түсінген.

Қазіргі таңда бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр. Полицейлер жәбірленушінің ақшасын алып, қылмыс ұйымдастырушыларына тізбек бойынша жеткізген төрт дроптың барлығын анықтады. Олардың екеуі Қазақстанда, тағы екеуі Өзбекстанда тұрады.

Полицияның атап өтуінше, жәбірленуші олардан келтірілген залалды азаматтық-құқықтық тәртіппен өндіріп алуға мүмкіндігі бар.