Мұражайда
Міне, келдік мұражайдың төріне,
Өлкеміздің төл тарихын білуге.
Туған жерім, туған өлкем, бұл – Тараз,
Білген жанға тұнып тұрған шежіре.
Білсем деймін әр жәдігер тарихын,
Күмбірлеткен көне шаһар әр күнін.
Тағылымы мол Ұлы Дала елінің,
Көнелерден жеткен бізге наз үнін.
Сан экспонат тұр мінекей жарқырап,
Болады көрсең оларды сен жақындап.
Көз тартады алыстан - ақ жалтырап,
Уақыттарды артқа тастап тұр қарап.
Қазағымда болған талай батырлар,
Ер жігітте болу керек қарулар.
Бас - аяғы отыз мыңнан асатын,
Жәдігерге тамсанады балалар.
Мұражайда талай байлық бар екен,
Мен көрмеген жәдігерлер қанша екен...
Туған жердің тарихынан нәр алып,
Жаңғыруға қосқан үлес болса екен...
Бауыржан Момышұлы атындағы
№45 қазақ классикалық гимназиясының
5 сынып оқушысы Ғани Айзере
Мұражайда
Міне, келдік мұражайдың төріне,
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз836 қаралым
#туған жерім#туған өлкем#мұражайда#туған жердің тарихы
Ұсынылады
Римде X ғасырдың 20 англосаксон монетасы табылды
Римде археологтар X ғасырдың 20 англосаксон монетасын тапты. Олжа Англиядан келген қоныстанушылардың Рим Папасының рұқсатымен өз валютасымен төлегенін растайды.
Алаш Ордабай·2026 ж. 2 қазан
Германияда 934 рим күміс монетасынан тұратын қазына табылды
Германияда Весселинг маңында әуесқой археолог Оливер Ридль салмағы шамамен үш килограмм 934 рим күміс денарийінен тұратын қазына тапты.
Ораз Ғалымбек·2026 ж. 28 қыркүйек
Париж астынан ежелгі қабырға табылды
Париж астынан галло-рим дәуірінен жеткен ежелгі қабырға табылды. Франция мәдениет министрлігі оны «зор жетістік» деп бағалады.
Ораз Ғалымбек·2026 ж. 23 қыркүйек
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

