Мұхаметжан Сералин (1872 - 1929жж.)
М. Сералин бұрынғы Қостанай облысы, Қарабалық ауданында 1872 жылы туып, 57 жасында сол өзінің туған жерінде 1929 жылы қайтыс болған. М. Сералин көп жылдар бойы баспасөз майданында істеп, тұңғыш рет қазақ тілінде шыққан Айқап журналының әрі ұйымдастырушысы, әрі редакторы болды. Сондықтан да М. Сералиннің журналистік еңбегі қазақ мәдениеті тарихынан көрнекті орын алады.
Айқап журналы кейбір мәселелерді шешуде қате түсінікте бола тұрса да, негізінде прогресшілдік бағыт ұстап, сол кездегі қазақ қоғамының өзекті проблемалары жөнінде журнал бетінде бірсыпыра дұрыс қорытындылар да жасай білді. Мәселен, ағарту, жер шаруашылығы, әйел теңдігі мәселелері, т. б.
Көрнекті қоғам қайраткері, белгілі журналист М. Сералин көркем әдебиет саласында да едәуір еңбек етті. Ол, бір жағынан, поэмалар жазумен шұғылданса ( Гүлкәшима, Топ жарған ), екіншіден, көркем аударма ісімен де шұғылданды. Бірақ, ақын өзінің тума шығармаларында жалпы гуманистік, ағартушылық шеңберінен шыға алмады, оның үстіне поэмаларының көркемдік жағы да сәл шыққан. Алайда, қазақ поэзиясының тарихында поэма жанрының дамуын көрсетуде Сералиннің бұл шығармаларының маңызы ерекше болмақ.
Мұхаметжан Сералин (1872 - 1929жж.)
Мұхаметжан Сералин (1872 - 1929жж.)
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 4 наурыз1018 қаралым
#мұхаметжан сералин#мұхаметжан сералиннің өмірбаяны
Ұсынылады
Ақын Серікбай Әбілмәжін 42 жасында өмірден озды
Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Серікбай Әбілмәжін өмірден озды. Ол 42 жаста еді.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 23 сәуір
Марфуға Айтқожина: Назарбаевқа «Аспандағы күніміз» деген ақындар болды
Белгілі ақын Марфуға Айтқожина экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап, оны мадақтап жыр жазған замандастарын еске алды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 14 наурыз
«Балам тағдырын сезгендей болды»: ақын Серікзат Дүйсенғазы жанын ауыртқан кезеңді еске алды
Белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазы өміріндегі ең ауыр сәттерін, әсіресе ұлынан айырылғандағы күйзелісін бөлісті.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 12 ақпан
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

