Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 апта бұрын)
Миға зиян келтіретін азықтар

Шекер: Шекердің керемет дәмін жоққа шығара алмаймыз. Бірақ денсаулық үшін шамадан тыс қолданудың өте зиянды екенін де ұмытпауымыз керек. Шамадан тыс шекер қолдану ми функцияларын тежейді. Жасалған зерттеулерде ми белсенділігін баяулататыны, есте сақтау қабілетін төмендететіні және адамды ақылсыздандыратыны анықталған.

Қаныққан майлар: Шамадан тыс қаныққан май тұтыну ми функцияларына зиян келтіреді. 6000 әйелге 4 жыл бойы жасалған зерттеудің нәтижесінде қаныққан май қолданғандардың есте сақтау қабілетінде төмендеу, ал зәйтүн майы сияқты пайдалы майларды қолданғандарда есте сақтау қабілетінің қуаттанғаны байқалды.

Чипс, пицца және басқа да ұн өнімдері: «Fast food»-тың балаларды ақылына кері әсер ететіні анықталған. Мидың дұрыс дамуы үшін балалардың жеген тағамдарына мән беру керек.

Көмірсуы тым төмен диета: Жасалған зерттеулер бойынша 22-55 жас аралығындағы көмірсу мөлшері тым төмендетілген емдәм (диета) ұстаған әйелдерде түсіну, анализ жасау қабілетінің төмендегені байқалды. Бүкіл көмірсулар зиянды емес.

Тұзды тағамдар: Жүрекке зияндылығы белгілі болған тұзды тағамдар миға да зиянды болады. Зерттеулер жоғары мөлшерде натрий тұтынылымының мидың мәліметті қорытуына зиян беретінін көрсетеді.

Қуырылған тағамдар: Қуырылған тағамдардың Альцгеймер, Паркисон сияқты неврологиялық аурулардың қоздырғышы болатыны байқалды.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама