Мысырдың Гиза провинциясында мұнай өнімдерін таситын жүк көлігі Варрак ауданындағы айналма жолда аударылып, күшті өрт шығып, жарылыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша ондаған адам қаза тапты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

CNN телеарнасы Мысырдың денсаулық сақтау және халық саны министрлігіне сілтеме жасап хабарлағандай, апат салдарынан кемінде 31 адам қаза тауып, тағы 21 адам жарақат алды. Оқиға орнына 39 жедел жәрдем көлігі жіберіліп, зардап шеккендер үш ауруханаға жеткізілді.

Сонымен қатар Middle East 24 басылымы өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында қаза тапқандар саны 45 адамға жеткенін хабарлады. Бұған дейін сол дереккөз 30 адамның қаза тапқаны және шамамен 15 адамның зардап шеккені туралы мәлімет жариялаған болатын.

Мысыр прокуратурасы Варрактағы бензин таситын көліктің өртенуі кезінде 30 адамның қаза тапқанын, 25 адамның жарақат алғанын, өрттен 27 көлік — автомобильдер мен мотоциклдер жойылғанын растады. Ведомство қаза тапқандарды сәйкестендіру үшін ДНҚ тестілеуін жүргізуді тапсырды.

Гизадағы бензин таситын көліктің өртенуінен қаза тапқандар орнынан түсірілген алғашқы кадрлар жариялануда.