Қазақстандықтарға жаңа көліктердің қолжетімділігін арттыру жоспарын Үкімет үйіндегі брифингте Индустрия және құрылыс министрлігінің басшысы Ерсайын Нагаспаев түсіндірді, деп хабарлайды infohub.kz.

Министр бұған дейін Қазақстанда көліктердің қолжетімділігін арттыруды, оның ішінде автокредиттеу кезінде қарыз жүктемесі коэффициентін (ҚЖК) есепке алуды алып тастау арқылы көтеру ниетін білдірген еді. Тілшілер бұл бастаманың халықтың несиеленуін азайтумен айналысып жатқан Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен келісілген-келіспегенін сұрады.

«Біздің үлкен тілегіміз, біздің ұсынысымыз – біз осыны талап етеміз. Ол жыл соңына дейін қолданылады, бірақ біз бұл ұсынысты үкіметке де енгіздік және үкімет атынан Ұлттық банктің бізге қолдау көрсетіп, біздің ұстанымымызды ескергенін қалаймыз. Жыл соңына дейін бұл шара қолданылады, бірақ біз бұл мәселені міндетті түрде пысықтаймыз. Бұл – біздің ұстанымдық позициямыз», – деді Ерсайын Нагаспаев.