Тақырыбы: НАН ТУРАЛЫ АҢЫЗ
Білімділік мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, мәнерлеп сауатты оқуға тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Адам өміріндегі ең маңызды ас нан екендігін, оның оңайшылықпен келмейтінін түсіндіру.
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, кішіпейілдікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, өз бетінше жұмыс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, сурет үлгілері.
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.
II. Үй тапсырмасын тексеру, бағалау.
«Балалар елін бағындыру» ертегісі түсінігін айту.
III. Үй тапсырмасын бекіту:
1. Ертедегі балалардың достары кім?
2. Теледидардың пайдасы қандай?
3. Оның алдында неліктен ұзақ отыруға болмайды екен?
IV. Жаңа сабақ
НАН ТУРАЛЫ АҢЫЗ
Ой - қозғау:
а) Балалар біздің дастарханымызға нан қалай келеді?
Нан, үш - ақ әріптен тұратын сөз адам баласы үшін ең қадірлі де, қасиетті ұғым, онда өмірдің өзегі деп аталатын үлкен мағына бар.
V. Мәтінмен жұмыс.
Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқиды, түсіндіреді.
VI. Ассоциация әдісі: Қазақта нанның қандай түрлері бар?
НАН
↓
Таба
Қатырма
Шелпек
Бауырсақ
VII. Оқулықпен жұмыс.
Оқушыларға мәтінді оқыту.
Сергіту сәті: Нан қоқымын шашпаңдар,
Оны аяқпен баспаңдар.
Қоқымдарды жинап ап,
Тауықтарға тастаңдар.
Шығармашылық жұмыс:
Сурет бойынша әңгіме құрастыру. Оқушыларға әңгімелерін оқыту.
VIII. Дәптермен жұмыс.
Ал балалар, нанға байланысты қандай мақал - мәтелдер мен нақыл сөздер білесіңдер?
1. Нан - тамақтың атасы,
Ынтымақ - көптің батасы.
2. Қамбасында дәні жоқтың,
Дастарханында наны жоқ.
3. Тістем нанның қадірін,
Тарыққанда білерсің.
Анық достың қадірін,
Зарыққанда білерсің.
4. Қоныс көркі - там,
Дастархан көркі - нан.
5. Нанға құрмет - елге құрмет.
6. Дастарханында наны жоқтың,
Тамағының сәні жоқ.
Қорытындылау:
Балалар атақты күрішші аталарың Ыбырай Жақаев нан жайлы ойын былай білдіреді.«Егер менен әлемдегі ең асыл не? дей қалса, бөгелместен «НАН»деп жауап берер едім. Себебі нан әлемнің жарығы күннен нұр алады, адамға күннің нұрын құяды. Оның өмірін күндей жарқыратады» - деген сөздермен аяқтаймын.
Үйге: Мәтінді мәнерлеп оқу. Мақал - мәтел жаттау.
Нан туралы аңыз
Тақырыбы: НАН ТУРАЛЫ АҢЫЗ
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз774 қаралым
#бастауыш#ашық сабақ#нан туралы аңыз
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

