2026 жылдың бірінші жартысында Қазақстанда 57 жалған ақша белгісі анықталды, оның 49-ы – банкнот, 8-і – монета. Жалпы сомасы – 259 400 теңге. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 68,4%-ға кем. Бұл туралы infohub.kz хабарлады.

Ұлттық банктің деректері бойынша, ең көп қолдан жасалған банкноттар – 2 мың теңгелік купюралар, саны 22 дана (жалпы жалған ақшаның 38,6%-ы). Екінші орында – 10 мың теңгелік купюралар, 16 дана (28,1%), үшінші орында – 5 мың теңгелік купюралар, 11 дана (19,3%). Қалған 14%-ы монеталарға тиесілі.

Сонымен қатар, реттеуші әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде нағыз банкноттарды имитациялайтын полиграфиялық өнімдерді сатып алу туралы алаяқтық хабарландырулар таралып жатқанын ескертеді. Мұндай жалған ақшаларда «Бірге тойлаймыз» және «Төлем құралы болып табылмайды» деген жазулар болады. «Осыған байланысты банкноттарды пайдаланған кезде жазуларға ерекше назар аударып, олардың төлнұсқалылығын тексеруге кеңес береміз», – делінген Ұлттық банк хабарламасында.