Қазақстан азаматшасы туристік топпен Непал мен Қытай шекарасын кесіп өткеннен кейін хабар-ошарсыз кетті. Оның қазіргі орны белгісіз, деп хабарлайды infohub.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел туристік топ құрамында болып, Непалдан Қытай аумағына өткен.

«Біздің азаматшамыздың қазіргі орны әзірге белгісіз. Іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Қазақстандық дипломаттар жергілікті мемлекеттік органдармен жұмысты жалғастыруда», — деді СІМ ресми өкілі Жанболат Усенов «Курсивке».

Оқиғаның басқа мән-жайлары, соның ішінде туристік топтың шекараны қашан кесіп өткені және қазақстандықтың қандай жағдайда жоғалғаны әзірге хабарланбайды.

Бұған дейін Непал мен Қытай шекарасындағы жойқын су тасқынынан кейін жүздеген турист хабар-ошарсыз кеткені хабарланған болатын. Непал билігінің дерегінше, 160-тан астам адам қаза тапқан, іздестіріліп жатқандар тізімінде 579 турист болған, оның ішінде 28 елден келген 466 шетелдік бар.

Табиғи апат 26 тамызда Расува таулы ауданында болды: су, лай және тас ағындары үйлерді, жолдарды, көпірлерді және басқа да инфрақұрылым нысандарын қиратты.