Непалдағы жойқын су тасқыны кемінде 2,56 миллиард доллар көлемінде залал келтірді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Непалдың төтенше жағдайларды басқару және тәуекелдерді азайту ұлттық басқармасының басшысы Дхарма Радж Упрети шығын көлемін айтты. Оның айтуынша, стихия жылжымайтын мүлікке, тұрғын үйлерге және инфрақұрылымға аталған сомаға зақым келтірген.
Қалпына келтіру жұмыстарына алғашқы төрт айда шамамен 52,6 миллион доллар қажет болады. Бұл қаражат жолдарды қалпына келтіруге, уақытша баспаналар салуға, сондай-ақ халықты ауыз сумен және электр қуатымен қамтамасыз етуге жұмсалады.
Соңғы деректерге сәйкес, қаза тапқандар саны 1,2 мыңнан асты.
Еске салайық, 26 тамызда Қытай мен Непал арасындағы шекара өткелі ауданында жер көшкіні жүріп, бұл жол қозғалысына, байланысқа және электрмен жабдықтауға әсер етті.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат аймағында үш қазақстандық әйелді іздеп жатқанын хабарлады. Сондай-ақ, Непалда су тасқынынан қаза тапқандардың аты-жөні анықталмаған мәйіттерін ортақ қабірлерге көптеп жерлей бастағаны белгілі болды.
Таяуда Непал билігі елдегі жойқын су тасқынының себебін атады.


