Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Тель-Авивтің Flydubai әуекомпаниясының ұшағындағы оқиғаны тергеуге қосылуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Бұл туралы саясаткер Fox News телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Телеарнамен әңгіме барысында Израиль үкіметінің басшысы ұсталған адамның қазір жауап алынып жатқанын атап өтті.
«Шабуыл жасаған ұшқыш қазір Сауд Арабиясында тергеуде. Менің ойымша, ол өзі туған, немесе кем дегенде ұшып шыққан Эмираттарға жеткізіледі. Біз бұл тергеуді қадағалаймыз, мүмкін оған қатысамыз», — деді Нетаньяху.
Израиль Әскери-әуе күштерінің истребительдері ұшаққа қарай көтерілді. Кейін әуе кемесінің Сауд Арабиясына қонғаны белгілі болды. Содан соң Flydubai әуекомпаниясы Израиль теледидарына Дубай — Тель-Авив рейсінде ұшқыштар арасында ұшақ бортында төбелес болғанын хабарлады.
Көп ұзамай ұшақтан алғашқы фото мен видео пайда болды. Суретте шабуылдаушымен күрескен болжамды жолаушы бейнеленген. Ал билік ұшқыштардың бірі ұшақты әдейі құлатпақ болған деген нұсқаны тексеруде. Оның әрекетін екінші ұшқыш пен онымен күреске түсіп, апатты болдырмаған израильдік жолаушылар тоқтатқан болжам бар.
Бұқаралық ақпарат құралдарында Украина мен Ресейден келген ұшқыштар жолаушы ретінде ұшып, FlyDubai ұшағының басқаруын қолға алғаны туралы да хабарланды.
Кейін FlyDubai ұшағының бортында әріптесінің шабуылынан зардап шеккен ұшқыш Үндістан азаматы Смит Маччхар болғаны белгілі болды.
Flydubai әуекомпаниясы оқиға тергеуі аяқталғанша Израильге және кері бағыттағы рейстерді тоқтатты.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху төбелес шығарған ұшқышты зарарсыздандыруға көмектескен Flydubai рейсінің жолаушысымен кездесті.
Сондай-ақ оқиға салдарынан жараланған ұшақ капитанының жағдайы туралы да белгілі болды.


