Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Израиль қорғаныс армиясын (ЦАХАЛ) сынаған израильдіктерді азаматтықтан айыруға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Оның айтуынша, жақын арада екі заң жобасы қарауға ұсынылады. Біріншісі Израиль қорғаныс армиясын сынағаны үшін азаматтықтан айыру мүмкіндігін қарастырса, екіншісі жала жапқаны үшін сот талап-арызы бойынша өндіріп алынатын соманы ұлғайтуды көздейді.
Бұл мәлімдеме израильдік режиссерлер Юваль Абрахам мен Рахель Шордың NAZA фильмі 83-ші Венеция халықаралық кинофестивалінің арнайы жюри жүлдесін алғаннан кейін жасалды. Туындыда авторлар Палестинаның радикалды ХАМАС қозғалысының 2023 жылғы 7 қазанда Израильге жасаған ауқымды шабуылын көтерген. Фильмнің атауы азаматтық тұрғындар арасындағы жанама шығынды білдіретін иврит терминінен шыққан.
Нетаньяху Абрахам мен Шорды тікелей атап, оларды азаматтықтан айыруға қауіптенді. «Олардың бұл жерде орны жоқ», — деді премьер-министр.
Ол сондай-ақ израильдік әскерилер мен Израиль мемлекетінің беделін шетелде түсіру үшін қылмыстық қудалауды дереу бастауды тапсырды.


