Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трамппен Газа мен Ливандағы әскери қатысу мәселелері бойынша ашық қақтығысқа көшуге дайын, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

ТАСС AL-Monitor порталына сілтеме жасап хабарлағандай, жағдайдан хабардар дереккөздер израиль премьері Вашингтонның таңуға тырысқан шарттарына көңілі толмайтынын, өйткені олар ел мүддесіне қайшы келетінін айтады. Дереккөздердің мәліметінше, Трамп Нетаньяхумен диалогта ультиматумға көшкен, ал израиль тарапының пікірінше, бұл ультиматумдар олардың ұстанымын жеткілікті ескермейді.

Дереккөздердің бірі: «Нетаньяху шекте тұр. Ол Газа мен Ливан мәселелері бойынша АҚШ әкімшілігімен тікелей қақтығысқа түсу керек пе деп шешуге тырысып жатыр. Ол мұның неге әкелетінін біледі, бірақ қазіргі жағдай одан жақсы емес», — деді.

Бұған дейін Нетаньяху Трамптың Газа бойынша 15 тармақты жоспарын қабылдамай, ХАМАС шынымен қарусызданбайынша израиль әскерлерінің шығарылмайтынын мәлімдеген еді. Кейін сегіз елдің сыртқы істер министрлері бірлескен мәлімдеме жасап, Нетаньяхудың Трамптың жол картасынан бас тартуы Израильдің бейбіт жоспарды бұзуына себеп болғанын айтты.