Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,
Есік гуманитарлық - экономикалық колледжінің
тарих пәнінің оқытушысы Балташева Б.Б.
Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Невада – Семей қозғалысы. Семей полигонының жабылуы.
Сабақтың мақсаты: Семей полигонының зардаптарының шығу тарихы, зерттелуі туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Ауаның, судың және жердің ластануы адам өміріне қауіпті екеніне назарларын аудара отырып, қоршаған ортаны қорғаудың қажеттілігін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, алған білімдерін жетілдіру, сабақ барысында белсенділік, шапшаңдық танытуға дағдыландыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелей отырып, өздерін қоршаған әлемді қорғауға ат салысуына ықпал ету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс – тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ – жауап, интерактивті технологияларды қолдану, «математикалық қобдиша», аудио сұрақтар.
Пән аралық байланыс: География, математика.
Көрнекілік пен құрал – жабдықтар: Интерактивті тақта, суреттер, бейне сюжет, карта.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақ – жауап арқылы өткенді қорытындылау.
III. Білімдерін жан – жақты тексеру:
Математикалық қобдиша.
1) (550 /2)*4=? 3) 25*75+95 =?
2) 1млн /2*4=? 4) 36/2+8 =?
IV. Жаңа сабақты меңгертуге дайындық:
Сабақтың тақырыбын жазғызып, мақсатымен таныстыру.
V. Жаңа сабақты меңгерту.
1. Семей полигоны
2. Семей полигонының инфрақұрылымы.
3. Семей полигонының алғашқы жүргізілуі.
4. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері.
5. Невада – Семей қозғалысы.
Тірек ұғымдары:
1. Ядролық қару – жаппай қырып жою қаруы.
2. Атом бомбасы – авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш ядролық бөліну реакциясына негізделген.
VI. Жаңа сабақты бекіту.
Аудио сұрақтар. Интерактивті тақтаны пайдаланып, ұяшықтарды таңдау.
1) Қазақстан аумағындағы Семей полигонына ядролық сынаққа қанша га, жер бөлінді?
2) Семей полигонында өткізілген әр бір ядролық сынақтың құны қанша болды?
3) Семей ядролық полигонының тәжірибелік алаңдарында қанша ядролық жарылыс болды?
4) Дегелең тауының жер асты шахталарында жалпы саны 340 жарылыс болды. Бұл арада жыл сайын жыл сайын қанша ядролық сынақ жүргізілді?
VII. Сабақты қорытындылау.
Графопроектордан «Атом» деген сөзден әріп таңдау арқылы құпия сұрақтарға жауап беру.
VIII. Үйге тапсырма беру, бағалау кезеңі.
Қазіргі заманғы экологиялық проблемалар.
Мысалы:
1. Атмосфераның ластануы.
2. Байқоңыр ғарыш аймағының қоршаған ортаға әсері.
3. Каспий теңізінің экологиялық жағдайы туралы материалдар қарастыру.
Невада – Семей қозғалысы. Семей полигонының жабылуы
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз588 қаралым
#қазақстан тарихынан сабақ жоспары#невада семей қозғалысы#семей полигонының жабылуы
Ұсынылады
Қазақтардың ата-бабалары Әмір Темір әскерінен табылды
Тарихшы Леонид Бобров Әмір Темір әскерінде қазақтардың, өзбектердің және тәжіктердің ата-бабалары қызмет еткенін айтты. Толығырақ материалда.
Алаш Ордабай·4 сағ бұрын
Атом бомбасы: АҚШ-тың әлемді өзгерткен өнертабысының зардабы
АҚШ-тың 1945 жылы Хиросима мен Нагасакиге тастаған атом бомбаларының зардабы, куәгерлердің еске алуы және ядролық қарудың қазіргі қауіптері туралы.
Мұқаш Жадайхан·22 сағ бұрын
Қазақстан Ұлы Жібек жолының басты бағытын қалай жоғалтты
Тарихшы Жақсылық Сәбитов Тоқтамыс пен Әмір Темір қақтығысынан кейін Қазақстанның Ұлы Жібек жолының басты бағытынан қалай айырылғанын айтып берді.
Алаш Ордабай·2026 ж. 5 тамыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

