Голливудтық актриса Николь Кидман Instagram-дағы парақшасында жаңа фотосуреттерін жариялап, париксыз табиғи бейнесімен жанкүйерлерін тәнті етті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
58 жастағы жұлдыз отбасымен Исландияда демалып жүрген сәтін көрсетті. Кейбір фотосуреттерде Николь Кидман сұр свитер мен көк джинсы киген. Ол сондай-ақ шашын жайып, табиғи бұйра шашын әлемге көрсетті.
«Бұйра шашыңмен», «Бұйра шашыңды жақсы көремін», «Патшайым», «Бұйра шаш - ең жақсысы. Алғашқы фильмдеріңді еске салады», «Сен кереметсің», «Әдеттегідей талғампаз», «Сондай сұлу», - деп жазды таңданыс білдірген желі қолданушылары.
IMDb мәліметінше, Николь Кидман Гонолулуда (Гавайи) дүниеге келген, ата-анасы оқу визасымен сол жерде болған. Актриса Австралияда өскен.
Кидман балетпен айналысқан, бірақ кейін актерлік өнерді таңдады. Ол Philip Street Theater театрында тұрақты жұмыс істеді, ал 16 жасында киноға түсе бастады.
Кидман киноактрисалық мансабын Австралияда бастады, ал американдық агенттің көмегімен АҚШ-та Сэм Ниллмен бірге «Теңізде» фильмінде дебют жасады.
Голливудтағы мансабы өте табысты болды: ол атақты режиссерлермен жұмыс істей алды. Актриса бірнеше рет «Оскар» сыйлығына ұсынылды, оны 2003 жылы алды.


