«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» компаниясының бас директоры Сельчук Танрыверди 2025 жылға 93 млн теңге көлемінде сыйақы алды. Бұл сомаға жалақы және басқа да төлемдер кіреді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Өткен жылмен салыстырғанда сыйақы мөлшері 17 пайызға өскен. Басшының орташа айлық табысы 7,75 млн теңгені құрады. Түркия азаматы Сельчук Танрыверди 2006 жылдан бері бас директор қызметін атқарып келеді, сонымен қатар Түркиядағы Nobel компаниясының басқарма төрағасының орынбасары болып табылады.
Қазақстандық кәсіпорынның жылдық пайдасы 11 пайызға артып, 27,8 млрд теңгеге жетті. «Нобел АФФ» 2002 жылы Алматы фармацевтикалық фабрикасының базасында құрылған. Қазіргі уақытта компания нарықта 228 дәрілік препарат түрінде ұсынылған 104 молекуланы өндіреді.
Кәсіпорын 1964 жылы құрылған түрік холдингі Nobel Pharmaceuticals құрамына кіреді. Холдинг бес зауытты басқарады: үшеуі Түркияда, біреуі Қазақстанда және біреуі Өзбекстанда. Қазақстандық Nobel компаниясының ресми құрылтайшысы — Түркия азаматы Улусой Хасан Угур, оған дауыс беретін акциялардың 90 пайызы тиесілі.
Бұған дейін түрік компаниясы Nobel Қазақстанда құны 40 млрд теңге болатын жаңа фармацевтикалық зауыт салу туралы инвестициялық келісімге қол қойғаны хабарланған болатын.


