Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто мансабында алғаш рет Азия ойындарының тұғырына көтерілді: 30 жастағы спортшы Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында 3000 метрге кедергілерден жүгіруден Қазақстан құрамасына күміс медаль әкелді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Джеруто қашықтықты 9 минут 6,82 секундта еңсерді — бұл оның ағымдағы маусымдағы үздік нәтижесі.
Соңғы айналымға дейін қазақстандық көшбасшылар тобында жүгірді, алайда соңында Бахрейн өкілі Уинфред Явиге жол берді. Үздік үштікті Үндістан өкілі Парул Чудури түйіндеді.
Джеруто үшін бұл Азия ойындары мансабындағы дебют болды. 2022 жылы ол Қазақстаннан шыққан жеңіл атлетикадан тұңғыш әлем чемпионы ретінде тарихта қалды.
Жексенбіде Азиадада Анастасия Рыпакова да өнер көрсетті — ол олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың қызы. Ұзындыққа секіруде ол үздік әрекетінде 5,80 метр нәтиже көрсетіп, 13-орын алды.
400 метрге кедергілерден жүгіруде қазақстандық спортшылар финалға шықты: Аделина Земс іріктеуде екінші нәтиже көрсетті, ал оның жұбайы Виталий Земс сегізінші болды.


