17 шілдеде Норвегияда Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ең ірі өрт болып, 100-ден астам тұрғын үй қирады, деп хабарлайды infohub.kz.
Өрт елдің оңтүстігіндегі Драммен муниципалитетінде, Ослодан 50 км батыста шықты. От Крокстадельва елді мекенін шарпып, 100-ден астам үйді қиратып, жақын маңдағы орманға ауысты. Оқиға орнында 12 өрт сөндіру көлігі және 2 тікұшақ жұмыс істеп жатыр, тағы 4 тікұшақ жолда. 400-ге жуық адам эвакуацияланды, 10 адам түтіннен уланып зардап шекті, екеуі ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ бір полицей жеңіл жарақат алды.
Вестфолд фюлькесінің коммунааралық өрт сөндіру қызметі отты бақылауға алу мүмкін болғанын, алайда тұрғын үйлерде де, орманда да қалған өрт ошақтарына байланысты сөндіру күні бойы жалғасатынын хабарлады.


