Ресейдің Новосібір қаласында кәмелетке толмаған қыз балалар алаңында екі балаға пышақпен шабуыл жасады деп күдікке ілінді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ресейдің ірі SHOT Telegram-арнасы хабарлағандай, Новосібірдің Ленин ауданында 10 және 4 жастағы екі балаға шабуыл жасалды — олар балалар алаңында серуендеп жүргенде пышақ жарақатын алды.
Оқиғаға 12 жасар қыз күдікті. Ол бұған дейін әжесіне пышақпен шабуыл жасағаны үшін шамамен 6 ай мәжбүрлі емдеуде болған.
Mash дерегінше, балалар арасында жанжал туындаған болуы мүмкін. Қазір зардап шеккендер ауруханада, біреуі іш қуысының тесілген жарақатымен жансақтау бөлімінде жатыр.
РИА Новости басылымына Новосібір облысы бойынша Бас полиция басқармасы оқиға туралы ақпаратты растады. Полицейлер Новосібірдегі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
«Алдын ала анықталғандай, 12 жасар қыздың әрекетінен 2015 және 2022 жылы туған кәмелетке толмағандар зардап шекті. Кәмелетке толмаған қыз заңды өкілдерінің еріп жүруімен тергеу үшін полиция бөліміне жеткізілді», — делінген хабарламада.


