Шымкенттегі 21 жастағы студент Нұрай Серікбайдың өлтірілуіне қатысты сот процесі 21 шілдеде басталады. Бұл туралы адвокат Аянхан Омаров infohub.kz сайтына хабарлады.
Қорғаушының айтуынша, алдын ала отырыста істі судья немесе алқабилер алқасы қарайтыны шешіледі. Сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы (прокурор) анықталып, келесі тыңдаудың күні белгіленеді. Сонымен қатар, процесс форматы: ашық, жабық немесе онлайн-трансляция мүмкіндігімен өтетіні айқындалады.
Қайғылы оқиға 2026 жылғы 11 қаңтар кешке Шымкентте болған. Нұрай үйінен шығып, оның соңына бір ер адам түскен. Қыз қашуға тырысқанымен, күдікті оны қуып жетіп, бірнеше рет пышақтап, оқиға орнында көз жұмды. Күдікті оның танысы болып шықты.
Қызы қайтыс болғаннан кейін отбасы күдіктінің Нұрайды ұзақ уақыт қудалап, қорқытқанын айтты. Қыз полицияға арызданған, бірақ туғандарының сөзіне қарағанда, тиісті шара қолданылмаған.
Оқиғадан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қалалық полиция департаментінің іс-әрекетіне тексеру жүргізуді тапсырды. Нәтижесінде Шымкент қалалық ПД басшысы мен оның бірінші орынбасары қызметінен босатылды.


