Нұртас пен Гүлзира Айдарбековтердің отбасында үлкен той: немерелеріне қазақтың дәстүрлі «тұсау кесу» рәсімі жасалды. Отбасылық мерекенің бейнежазбасын келіндері әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Айдарбековтер отбасының кіші келіні Индира Мәуленова ұлының алғашқы туған күні мен «тұсау кесу» рәсімі қалай өткенін көрсетті. Кішкентай Әміре тұсауы кесілген соң ақ жолмен жүріп өтті.

Бала ағаш балғаны таңдады — әдетте бұл зат әділеттіліктің нышаны саналып, судьяға тиесілі болады.

«Алғашқы қадамдарыңмен құттықтаймын, балам! Жолың ашық, өмірің ұзақ, болашағың жарқын болсын. Әр бастамаң игілікке жарасын», — деп жазды жас ана.

Кішкентай туған күн иесінің құрметіне әдемі торт пісірілді, қонақтар сыйлықтармен келіп, естелік суретке түсті. Ол үшін шарлармен безендірілген жарқын фотоаймақ жасалды.

Әлеуметтік желі қолданушылары Заңғар мен Индираны ұлдарының туған күнімен, сондай-ақ әжесі мен атасы Гүлзира мен Нұртас Айдарбековтерді де құттықтады.