Нью-Йорк билігі Орталық саябақтағы 150 жылдық дәстүрге нүкте қоятын заң жобасын келісті. Тыйым 2028 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Мэр Зохран Мамдани мен қалалық кеңес спикері Джули Менин құжат жобасы бойынша келісімге келді, оны жақтаушылардың дауысы қазірдің өзінде көпшілікті құрайды. Заң жобасын 22 қазанда қарау жоспарланған.
Бұл шешім жазда болған қайғылы оқиғадан кейін қабылданды: 18 жастағы турист Романч Махаджан арбадан құлап, көз жұмды. Оқиға тексерістер мен наразылықтар толқынын тудырды.
Белсенділер мен қала билігі серуен арбаларының жұмысын тоқтатуды әлдеқашан талап етіп келген, олар мегаполистегі жануарлардың еңбек жағдайының қауіпті екенін атап өткен. Сауалнамаларға сәйкес, тұрғындардың шамамен 68 пайызы аттракционды жоюды қолдады. Сонымен қатар сала жабылуына байланысты 150-ге жуық кучер жұмыссыз қалады, ал иелері 180 жылқыға жаңа ұстау орнын іздеуге мәжбүр болады.
Заң жобасы 2027 жылдың көктеміне дейін кучерлер мен атқосшыларды қолдау бағдарламасын әзірлеуді көздейді. Бұл ретте құжат жануарларды сойысқа сатуға немесе басқа компанияларға қайта сатуға қатаң тыйым салады. Тасымалдауға салынған тыйымды бұзушыларға 10 мың доллар көлемінде айыппұл салынады.


