Нью-Йорк мэрі Зохран Мамдани The New York Times газетіне берген сұхбатында, егер Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху қалаға келсе, оны ұстаудың құқықтық негіздерін зерттеп жатқанын айтты, деп хабарлайды infohub.kz.
Қала басшысы бұл үшін арнайы заң шығармайтынын, керісінше құқықтық аяда әрекет ететінін атап өтті. «Нью-Йорк қаласындағы заң маған не рұқсат етсе, соның бәрін жасаймыз, бірақ сол мақсатта өз заңдарымызды жазбаймыз... Заң департаментімізбен белсенді талқылау жүріп жатыр», — деді ол. Ол израильдік премьердің Нью-Йоркке БҰҰ Бас Ассамблеясына келуі жағдайында ұсталу мүмкіндігін айтты.
Мамдани сондай-ақ Нетаньяхуға қатысты Халықаралық қылмыстық сот (ХҚС) тарапынан қойылған әскери қылмыс айыптарына сілтеме жасады. Сайлауалды науқан кезінде саясаткер, егер сайланса, Нетаньяху қалаға келген жағдайда Нью-Йорк полиция басқармасына оны қамауға алу туралы бұйрық беретінін мәлімдеген болатын.


