Халықаралық астрофизиктер тобы гравитация теориясының тарихтағы ең ірі сынағын өткізіп, Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңының жүздеген миллион жарық жылы қашықтықта әрекет ететінін растады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Пенсильвания университетінің Патрисио А. Гальярдо жетекшілік еткен зерттеу Атакама космологиялық телескопының деректеріне негізделді. Ғалымдар Үлкен жарылыстан 380 мың жыл өткен соң пайда болған реликті сәулеленуді талдады.
Бұл көне сәулелену галактикалардың алып шоғырларынан өткенде шамалы өзгерістерге ұшырайды, сол арқылы ғарыштық нысандардың қозғалыс жылдамдығы мен гравитациялық тартылыс күшін дәл есептеуге болады.
Эксперимент нәтижелері гравитацияның қашықтыққа қарай Исаак Ньютон тұжырымдап, кейін Альберт Эйнштейн жалпы салыстырмалылық теориясына енгізген кері квадраттар заңына сәйкес әлсірейтінін көрсетті. Бұл жаңалық MOND сияқты модификацияланған гравитация туралы балама гипотезаларды күмәнға қалдырып, көрінбейтін қараңғы материяның бар екендігі туралы теорияның позициясын нығайтады.


