Рэпер Джиганның бұрынғы жұбайы Оксана Самойлова Мәскеудің Савеловский аудандық сотына әншінің ата-аналық құқығын шектеуді сұрап талап арыз берді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Бұл туралы ресейлік ірі SHOT Telegram-арнасы мәлімдеді. Оның дерегінше, блогер арызында кәмелетке толмаған балалардың тұрғылықты жерін де анықтауды сұраған — ол балалардың өзімен бірге тұруын қалайды.

Әзірге Оксана Самойлова да, оның бұрынғы жұбайы да арыз жөнінде ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Бұған дейін Джиганның бұрынғы әйелінің адвокаты рэперді ата-аналық құқығынан айыру мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берген еді.

Еске салайық, 23 қыркүйекте бұқаралық ақпарат құралдары Джиган адамдарды кепілге алып, өз үйінде оқ жаудырған деп хабарлаған. 3-4 шілдеге қараған түні ол үй қызметкерлерін шақырып алып, қарумен түсінісу ұйымдастырған делінген.

Ол қызметкерлерді қылмыс жасады деп айыптап, өмірлерін сақтап қалу үшін мойындауға шақырған және оқ атқан деп хабарланды.

Кейін Джиган БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жарияланымдар шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Рэпер қызметкерлерге оқ атқанын жоққа шығарады. Сонымен қатар әнші қазір оңалту орталығында жатқанын растады.

Көп ұзамай Ресейде полиция рэпер Джиганның үйіндегі атыс және адам кепілге алу туралы хабарламалардан кейін тексеру бастады.