Жамбыл облысының тұрғыны 8 жасар туыс қызға зорлық жасағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Қыздың өзі анасына болған оқиғаны айтып, ауырсынатынын шағымданған. Анасы полицияға жүгінген, сараптама зорлықты растаған. Іс материалдары бойынша, ер адам туыстарына Wi-Fi паролін сұрау сылтауымен келіп, баланы тізесіне отырғызып, қылмыс жасаған. Ол өз кінәсін ішінара мойындаған. Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жабық отырысында үкім шығарылған. "Сот үкімімен С. ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.