7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өмірдің мәні
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: адалдық, жауапкершілік, шынайылық
Сабақтың мақсаты: оқушыларға өмірдің мәні туралы түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.
Ресурстар: Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал - мәтел, дәйексөз, маркер, аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері
Дәйексөз
«Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз, сөз жоқ, жеңіске жетесіздер»» Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады.
Әңгімелеу
«Жаңылыс пен ақиқаттың есігі» Талдау сұрақтары:
● Мәтінде адам неліктен Ақиқатты іздеді деп ойлайсың?
● Мәтінде Жаңылыс неліктен «Оны өзім де іздеп жүр едім» деді?
● Не себепті Ақиқат пен Жаңылыс кездесе алмайды?
● Өзің Ақиқатты қайдан іздейсің? «Ақиқат – адастырмайды» дегенге сенесің бе? Неліктен? Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.
Шығармашылық жұмыс:
1 - тапсырма: Шәкәрімнің «Өтірік ақиқаттан алыстатса, шындық ақиқатқа жақындатады. Ақылы мен ұжданы үйлесім тапқан адам өтірік айтпайды» деген ойын «көзқарас – себеп – мысал – қорытындылау» әдiсiмен талқылаңдар.
2 - тапсырма: Жақындарыңмен (ата - ана, ата - әже, туысқандар, іні - қарындас, аға - әпке, көрші және т. б.) «Өмірдің мәні неде?» деген тақырыпта пікірлесіп, өз көзқарасыңмен салыстыра отырып, мұғалімнен кеңес ал.
3 - тапсырма: «Мен кіммін?», «Менің өмірімнің мақсаты неде?» деген сұрақтарды қатыстыра отырып эссе жазыңдар.
Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді.
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды
Үй тапсырмасы: «Айтып несіне әуре боласың...»
Күнделіктеріне жазады.
Жүректен жүрекке
«Аңса жаным» Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді
Мектеп: «Бейнеу лицейі» КММ
Мұғалім: Таженова Ш.
Өмірдің мәні
Сабақтың тақырыбы: Өмірдің мәні
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз543 қаралым
#жауапкершілік#өтірік#шындық#ақиқат#өмірдің мәні#шынайылық#адалдық#өзін өзі тану
Ұсынылады
Әдептен озбайық
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Махаббат - өмір нәрі
Өзін - өзі тану пәнінен қысқа мерзімдік сабақ жоспары
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Балаларға сенімсіздікпен күрес немесе батыл болуды үйрету
Балаларға сенімсіздікпен күрес немесе батыл болуды үйрету
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

