ӨлеңдерӨмірімді несіне жек көремін
infohub.kz редакциясы · 2015 ж. 26 сәуір740 қаралым
Өмірімді несіне жек көремін,
Ауыр-жеңіл болса да өткеремін.
Өмір қашып барады құсқа мініп,
Мен артынан жетем бе деп келемін.
Тағдырыма несіне өкпелейін,
Мойын бұрмай келіп ем, көпке дейін,
О, өмір, ұстатпаған уың бар ма?
Әкел, әкел, оны да жеп көрейін!
#мұқағали мақатаев#мақатаев өлеңдері#өлеңдер#қазақша өлең#мұқағали өлеңдері#м#өмірімді несіне#жек көремін#өмірімді несіне жек көремін