Тақырыбы: Оң және теріс сандар
Сыныбы: 6
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға оң санның және теріс санның не екенін үйрету.
Тәрбиелік: ойлампаздыққа, қағылездікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың жоспары:
Жоспар Уақыты
Ұйымдастыру 1 мин
Үй тапсырмасын тексеру 5 мин
Жаңа сабақ түсіндіру 10 мин
Практикалық жұмыс 25 мин
Үй тапсырмасын беру 1 мин
Қорытынды 2 мин
Бағалау 1 мин
Ұйымдастыру
а) Оқушылармен амандасу
ә) сабаққа дайындығын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру
1. Қатынас деген не?
2. Пропорция деген не?
3. Масштаб деген не?
Жаңа сабақ түсіндіру
Мысал.
Іле Алатауындағы Талғар шыңы теңіз деңгейінен 4973 м биіктікте жатыр, ал Қара теңіздің ең терең жері теңіз деңгейінен 2210 м төмен. Мұндағы теңіз деңгейінен жоғары биіктік «+» таңбалы санмен жазылады, теңіз деңгейінен төменгі биіктік «-» таңбасымен жазылады.
Мұндағы - 2210 санын теріс сандар дейміз. +4973 санын оң сандар деп атаймыз.
Оң санның алдына кейде«+» таңбасын қою міндет емес.
0 (нөл) саны оң санға да, теріс санға да жатпайды.
0 (нөл) саны шамалардың сан мәндерін айқындауда санақ басы ретінде алынады.
Практикалық жұмыс
Оқулықтағы 263, 264, 265 есептер шығарылады.
Үй тапсырмасын беру
Оқулықтың 65 бетіндегі 266, 267 есепті шығарып келу.
Қорытынды
1. Оң сан дегеніміз не?
2. Теріс сан дегеніміз не?
Бағалау
Оқушыларға берілген үй тапсырмасы және практикалық жұмыстарды шығаруы бойынша баға қойылады.
Оң және теріс сандар
Тақырыбы: Оң және теріс сандар
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз526 қаралым
#оң және теріс сандар#математикадан сабақ
Ұсынылады
Қазақстанда Аналар күні аталып өтті: Ананың рөлі мен мемлекеттік қолдау
Қазақстанда Аналар күнін атап өту аясында аналарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары мен ананың қоғамдағы рөлі туралы статистикалық мәліметтер жарияланды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 10 мамыр
85 жастағы Қарағанды тұрғыны арнайы білімі болмаса да, күрделі математикалық есептерді шешеді
Ермекбай Жолдыбеков есімді қария натурал сандарды қосудың өзіндік әдісін ойлап тауып, ғылыми жарияланымдарда жарық көрген.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 5 наурыз
Математика – халық ауыз әдебиетінде
Математика – халық ауыз әдебиетінде
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

