Мақсаты: Композитор, ақын, орындаушы ұғымымен таныстыру.
Ән айту қабілетін, дауыс ырғағын жетілдіру.
Музыкаға, оқуға, білімге деген құштарлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ (математика, өзін - өзі тану, музыка)
Көрнекілігі: кеспе қағаздар, суретті плакаттар, баян аспабы.
Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, ән айту, жұмбақ шешу, ноталармен бағалау.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру бөлімі.
- Балалар тақтадағы сандарды оқып ретімен қойып шығайық:
5 1 3 2 7 4 6
М С Н А Қ А А
(санамақ)
Дауыс жаттығуы:
(ә
Бір, екі - отырамыз
Үш, төрт - демаламыз
Бес, алты - асқақтатып
Жеті, сегіз - шарықтатып
Тоғыз, он (пауза) әнге саламыз!
Ән айту: «Санамақ» халық әні (тақтаға суретті ән нұсқасы ілінеді)
Пысықтау сұрақтары:
- Санамақ қандай ән?
- Халық әні дегеніміз не?
Жаңа сабақ: «Он саусақ» өлеңін жазған: М. Әлімбаев
әнін жазған: С. Мұхамеджанов
(плакаттағы ақын орындаушы композитор суреттері бойынша әңгімелеу)
М: Композитор – әнді шығарушы адам. Әннің сөзін ақын жазады. Ал біздер - орындаушыларымыз.
- Оқушылар тақтаға назар аударайық. Скрипка кілтін ашу мына жұмбақтарды шешуіміз керек.
Тілі жоқ өзінде
Сөзі бар ізінде
(Қаламсап)
Қылдырықтай бір нәрсе иетілген
Мойнына ұзын арқан сүйретілген.
(Ине, жіп)
Білімнен мол сый асы
Балғындардың ұясы.
(Мектеп)
Оң жағымда бес сарбаз,
Сол жағымда бес сарбаз.
(Он саусақ)
- Оқушылар жұмбақтарды дұрыс шештіңіздер. Скрипка кілтіндегі үйренетін әніміз -«Он саусақ» Он саусақ – композитор әні. (әнді қимылмен орындап үйрену)
Қорытынды сұрақтар:
- Композитор, ақын, орындаушы деп кімдерді айтамыз?
- «Он саусақ» қандай әндер қатарына жатады?
Үй тапсырмасы
«Он саусақ» әнін жаттау, он саусақ туралы жұмбақ құрастыру.
Бағалау. Көп нота жинаған оқушыларды бағалау.
Он саусақ
Мақсаты: Композитор, ақын, орындаушы ұғымымен таныстыру.
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз697 қаралым
#санамақ#музыкадан сабақ жоспары#он саусақ
Ұсынылады
Зейнеп Ахметова Мақпал Жүнісоваға ренішін білдірді: Желі қолданушылары не дейді?
Белгілі қоғам қайраткері Зейнеп Ахметова әнші Мақпал Жүнісоваға деген көңілін айтты. Желідегілердің пікірі қандай?
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 5 ақпан
Димаш Құдайберген: Махаббат бер маған Скачать Минус Текст
Димаш Құдайберген: Махаббат бер маған Скачать Минус Текст Dimash Kudaibergen Mahabbat ber magan Download 迪玛希
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 30 мамыр
Adam - Жүрек скачать Минус Текст Zhurek
Adam Жүрек скачать Минус Текст песни Zhurek Адам Жүктеу Ән сөзі Журек Скачать
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 30 мамыр
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

