Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ондық бөлшектерді қосу және азайту жөніндегі білімдерін тиянақтау, толықтыру және бекіту, өзіндік ізденістерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Логикалық ой – өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды берілген тапсырманы тиянақты орындай білуге, шапшаңдылыққа, тез ойлап, тез есептей білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Қайталау және бекіту сабағы.
Сабақтың типі: Білімділік пен дағдыны қалыптастыру.
Әдістері: Деңгейлеп – саралап оқыту, ой қозғау, сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, сызбалар, кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. «Сиқырлы таяқша» ойынын ойнаймыз. Балалар дөңгелене тұрып, сиқырлы таяқшаны бір – біріне көрсетіп, сол баланың жақсы қасиеттерін айтады. Сол арада мұғалім қолдарына қызыл – сары смайликтер жабыстырып шығады.
Қолдарыңдағы смайликтер арқылы сынып екі топқа бөлініп, орындарына жайғасады.
2. Өткен сабақты еске түсіру сұрақтары:
1) Егер бөлімі 10, 100, 1000 сандарына тең болса, онда ондық бөлшекте үтірден кейін қанша орын болады?
2) Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде қалай жазуға болады?
3) Ондық бөлшектерді қалай салыстырамыз?
4) Екі ондық бөлшекті қалай қосамыз?
5) Екі ондық бөлшекті қалай азайтамыз?
3.«Кім жылдам?» сәйкестендіру тесті.
Тапсырмалар
20, 18+19, 07
49, 2 - 38, 99
300 - 289, 427
19, 07 - 3, 129
38, 99+5, 109
5, 01+2, 5
6, 27+5, 56
4. Оқулықпен жұмыс.
№761 - есеп
1) 5, 69 + 1, 606 - 1, 29
2) 3, 7 - 2, 388+0, 76
3) (8, 59+2, 31)-(8, 59 - 2, 31)
4) 54, 002 -(28, 7 - 5, 001)
5. Пазл құрастыру (сурет құрастырып, есептер шығарады) топпен жұмыс
1. 3, 25+3, 35
2. 23, 88+0, 93
3. 2, 2 - 2, 075
4. 49, 7 - 3, 6
5. 3. 508+0. 275
6. 17, 5 - 8, 005
7. 98, 2+1, 8
6. Жеке жұмыс
Теңдік тура болатындай етіп, тиісті жеріне үтір қой.
1) 425+36=785
2) 502 - 1804=3216
3) 005+003=008
4) 52 - 218=302
7. Сабақты қорытындылау.
8. Оқушыларды бағалау.
9. Үйге тапсырма беру. (№763)
Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы
Т. Ізтілеуов атындағы №29 орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Қаламқас Жәмиева
Толық нұсқасын жүктеу
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз667 қаралым
#математикадан сабақ жоспары#ондық бөлшектер#ондық бөлшектерді қосу және азайту
Ұсынылады
Қазақстанда Аналар күні аталып өтті: Ананың рөлі мен мемлекеттік қолдау
Қазақстанда Аналар күнін атап өту аясында аналарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары мен ананың қоғамдағы рөлі туралы статистикалық мәліметтер жарияланды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 10 мамыр
85 жастағы Қарағанды тұрғыны арнайы білімі болмаса да, күрделі математикалық есептерді шешеді
Ермекбай Жолдыбеков есімді қария натурал сандарды қосудың өзіндік әдісін ойлап тауып, ғылыми жарияланымдарда жарық көрген.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 5 наурыз
Математика – халық ауыз әдебиетінде
Математика – халық ауыз әдебиетінде
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

