Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығыс жағалауында сәрсенбі күні буксир аударылып, суға батып кетті. Бұл оқиға салдарынан экипаждың бір мүшесі қаза тауып, алтауы хабарсыз кетті, деп хабарлайды жағалау күзеті. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.

Жағалау күзетінің мәлімдемесіне сәйкес, 286 тонналық буксир сәрсенбі күні таңертең Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығысындағы Бусан қаласының маңындағы суларда сауда кемесін сүйреу үшін жолға шыққан. Бортта сегіз экипаж мүшесі болған.

Буксир аударылғаннан кейін, Индонезия азаматы болып табылатын экипаждың бір мүшесін сауда кемесі құтқарды. Тағы бір экипаж мүшесі, оңтүстік кореялық, жағалау күзетінің құтқарушылары тарапынан есінен танып жатқан күйінде табылып, материктегі ауруханаға жеткізілгеннен кейін қайтыс болды, делінген жағалау күзетінің хабарламасында.

Жағалау күзеті мен әскери-теңіз күштері әлі хабарсыз жүрген қалған алты экипаж мүшесін іздеу үшін кемелер, ұшақтар және басқа да құралдарды жұмылдырды. Президент Ли Чжэ Мён билік органдарына барлық қолжетімді ресурстарды жұмылдыруды тапсырды. Жағалау күзетінің мәліметінше, буксир аударылғаны туралы хабарланғаннан кейін шамамен екі сағат өткен соң, жергілікті уақыт бойынша сағат 15:30 шамасында (06:30 GMT) кеме ақыры суға батқан. Аударылу себебі әзірге белгісіз.