Оңтүстік Кореяның Бірігу істері жөніндегі министрі Чон Дон Ен демилитаризацияланған аймақта болған мина жарылысынан кейін КХДР-ға келіссөз жүргізуді ұсынды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

The Korea Times дерегінше, Оңтүстік Корея ведомствосының басшысы Пхеньянға әскери демаркациялық шекара мәселесі бойынша өзара түсіністікті нығайту мақсатында келіссөз жүргізуді ұсынды.

«Мен Бірігу министрі ретінде Солтүстікке ұсыныс жасаймын: біз қазір кездесіп, сөйлесуіміз керек. Біз кемінде қарым-қатынасты бастап, шекара сызығын тексеріп, оны қайта зерттеуіміз қажет», — деді Чон Дон Ен журналистерге.

«Интерфакс» дерегінше, осы аптаның басында Оңтүстік Корея КХДР-дан кешірім сұрауды және Сеулдің пікірінше, демилитаризацияланған аймақта болған солтүстіккореялық миналардың жарылысына байланысты шара қолдануды талап етті. 21 қыркүйектегі оқиға салдарынан үш оңтүстіккореялық әскери қызметші зардап шекті.

Сол уақытта Солтүстік Корея көшбасшысының қарындасы, Корея Еңбек партиясы ОК бөлімінің меңгерушісі Ким Е Чжон Пхеньянның болған жарылысқа қатысы жоқ екенін мәлімдеп, Сеулдің айыптауларын «кезекті провокация» деп атады.