АҚШ психиатры әрі неврологы Карл Дайсерот пен неміс әріптестері Петер Хегеманн және Георг Нагель оптогенетика саласындағы еңбектері үшін биология және медицина бойынша биылғы Нобель сыйлығына ие болды. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Олардың зерттеулері ғалымдарға адам миының қалай жұмыс істейтінін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Нобель комитеті үш ғалымды нейробиологиядағы жаңа дәуірдің негізін қалағаны үшін және «неврологиялық және психиатриялық бұзылыстарға қатысты нақты естеліктер, сезімдер мен мінез-құлықтың» артында тұрған жүйке тізбектерін ашқаны үшін марапаттады.
Клиникалық медицинада зерттеушілер бұл әдісті көру қабілеті бұзылған адамдардың көзін қалпына келтіру үшін қолданып көруде.


