Сабақтың тақырыбы: Оқымысты бала.
11 - 12 сабақ
Пәні: Әдебиеттік оқу.
Сабақтың мақсаты: а\ Мәнерлеп оқу дағдысын нығайта түсу, сұраққа толық жауап беруге машықтандыру, дұрыс сөйлеуге үйрету, жүйелі баяндауға төселдіру, тұңғыш мектептің пайда болуы туралы түсінік беру.
ә\ Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, адалдыққа адамгершілікке баулу, білім алуға ұмтылдыру.
б\Сөздік қорын молайту, ойын қиялын дамыту, дүниетанымын кеңейту.
Пән аралық байланыс: дүниетану, еңбек.
Әдісі: сөздік, көрнекілік.
Түрі: аралас.
Көрнекілігі: Ы. Алтынсарин суреті, білім туралы мақал, кітаптар.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
ІІ. Өткен сабақты қайталау.
Сұрақ қою арқылы мәтіннің мазмұнын сұрау.
а) Арманға атасы қандай тапсырма берді?
ә) Мақтаншақ мінезден қалай арылды?
б) Жағымсыз мінез туралы жазған мақал - мәтелдерін оқу.
Сергіту сәті. Фонетикалық жаттығу.
- Еске түсіріп көрейік, үйрек ашуланғанда қандай дыбыс шығарады?
Ш - ш - ш, Ш - ш - ш, Ш - ш - ш, Ш - ш - ш
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбы хабарланады.
1. Оқушыларға «Оқымысты бала»мәтінін мәнерлеп оқып беру.
2. Мәтінді тізбектей оқыту.
3. Мәтіннің мазмұнын ашатын мақалдар айтылып, мағынасы ашылады.
4. Сөздік жұмыс.
5. Мәтін бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:
а\Мәтіннен оқуға ұмтылған қайсар бала туралы айтылған бөлімді тауып оқыңдар.
ә\Мәтін борйынша қазақ жеріндегі білім алу және тұңғыш мектептің пайда болуы туралы әңгімеле.
б\Әлкейдің бейнесін тауып оқыңдар.
Сергіту сәті.
Шығу үшін шымыр боп
Шынығамыз шаршамай.
Бұлшық еттер шымырбоп,
Аламыз сосын тынысжай.
IV. Сабақты бекіту.
1. Тұңғыш мектеп ашқан кім екен?
2. Кітап оқудыңқандай пайдасы бар?
3. Ұзтазы жақсының ұстамы жақсы деген мақалды қалай түсінесіңдер?
Сергіту сәті. Саусақ гимнастикасы «Орамжапырақ тұздаймыз»
V. Үйге тапсырма.
1. Әңгімені мәнерлеп оқып, мазмұнын айту.
2. Мәтін мазмұны бойынша сурет салу.
VI. Бағалау.
Әдебиеттік оқу бойынша сабақтың жоспары 3 сынып толық нұсқасын қарау
Оқымысты бала
Сабақтың тақырыбы: Оқымысты бала.
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз693 қаралым
#әдебиеттік оқу бойынша сабақтың жоспары#оқымысты бала
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

