Сауат ашу 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Оқушымын мен енді! Сөйлеу.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1. 4 Оқиғаны болжау
1. 5 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Сөйлеу туралы білімді түсінеді.
Көбі: Жаңа білімге мысалдар келтіре алады.
Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдап (әңгімелер, ертегілер) талқылайды.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары: Аудиожазба, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік: Оқушы, ученик, learner
Сабақтың басы 5 минут
Ертеңгілік шеңбері
Таңғы шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен «Сәлем!» деп амандасады.
Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.
Сабақтың ортасы
№1 Оқулықтағы тапсырма. Суретке назар аудар. Бұлар қандай бөлмелер. Олар қайда орналасқан?
№2 Сызбаның көмегімен берілген сұрақтарға жауап беріп көр. Сынып бөлмесінде отырған кімдер? Олар не істеді?
№3 Өлеңді мұхият тыңда.
СЕРГІТУ СӘТІ.
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
Дәптермен жұмыс
Оқулықтағы тапсырма.
Оқушымын мен енді! Сөйлеміне сәйкес сызбаны тауып көр.
Мұғалім: Салманова Тұмар Рахымбаевна
Оқушымын мен енді! Сөйлеу. жүктеу
Оқушымын мен енді! Сөйлеу.
Сабақтың тақырыбы: Оқушымын мен енді! Сөйлеу.
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз585 қаралым
#сөйлеу#сауат ашу 1 сынып#оқушымын мен енді#сөздер мен сөйлемдер
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

