Оралда дәріханалардан тонометр ұрлаған күдікті ұсталды. Ол қаланың 50 жастағы тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиапорталында жазылғандай, жақында Оралдағы бір дәріханада ұрлық болған. «Белгісіз ер адам медициналық бұйымдардың ашық жерде тұрғанын пайдаланып, сатушының басқа сатып алушымен айналысып жатқан сәтін күтті. Осыны пайдаланып, сөреде тұрған тонометрді байқатпай сөмкесіне салып алды», — деді ведомствода.
Одан кейін, ІІМ-де атап өткендей, ер адам күдік тудырмау үшін қарапайым сатып алушы ретінде ұстай берген. Кезегін күтіп, сатып алған дәрілерінің ақшасын төлеп, дәріханадан тыныш шығып кеткен.
«Ер адам бұнымен тоқтамады. Кейінірек ол қаладағы басқа дәріханаға кіріп, дәл сол әдіспен тағы бір тонометр ұрлады», — деп бөлісті ІІМ-де.
Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталды. Ол Оралдың 50 жастағы тұрғыны болып шықты.
Тексеру барысында бұл азаматтың қаладағы ірі сауда орталықтарындағы бутиктерге барып, киім ұрлығы жасалған жерлерде болғаны анықталды. Қазіргі таңда осы фактілер бойынша тергеу жүргізілуде.


