Бүгін Орал қаласының тұрғындары қаладағы қатты түтінге шағымданды. Себебі – әйгілі Хан тоғайында болған ірі өрт, деп хабарлайды infohub.kz.

«Мой город» басылымының Instagram-парақшасында түтін мен күлдің ұшып жүргені тұрғындарды үркіткен видео жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, күл айналаға тарап, түтіннен тыныс алу қиындаған. «Терезеден қарасам, алдымен бұлт деп ойладым, кейін түтін иісін сезіп, балконда күлнің қонғанын көрдім. Бүгін ыстық әрі желді болғандықтан, бұл өте қорқынышты», – деді Орал тұрғыны Алина.

Кешке Батыс Қазақстан облысының әкімдігі жағдайды түсіндірді. Олардың мәліметінше, өрт Орал орман шаруашылығы аумағындағы Хан тоғайы орман-саябақ аймағында болған. Өрт ауданы – 18 гектар. Бұл аймақта негізінен үйеңкі мен шаған өседі. Өртті сөндіруге тікұшақ қоса көптеген техника, сондай-ақ ТЖМ және орман шаруашылығы қызметкерлері жұмылдырылды. Сағат 20:28-де өрт оқшауланды.

«Ауа температурасының жоғары болуына және қатты желге қарамастан, бірегей табиғи-тарихи нысан аумағында өрттің әрі қарай таралуын болдырмау мүмкін болды. Қазіргі уақытта оқиға орнында жұмыстар жалғасуда», – деп қосты әкімдік өкілдері.