Оралда дәстүрлі «тентек кәде» той рәсімі төбелеске ұласып, қонақтардың бірі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«Мой город» басылымының мәліметінше, Оралдағы тойлардың бірінде қонақтар «тентек кәде» дәстүрін өткізген. Бұл рәсім әзіл-қалжың, көңілді тапсырмалар мен символдық төлем арқылы мерекені қызықты етіп, екі жақты жақындастыруды көздейді.

Алайда күйеу жағының бір өкілі әзілді жүрекке жақын қабылдаған. Екінші қатысушы ойынды жалғастырғанда, ер адам шыдай алмай, оған жұдырықпен ұмтылған.

Нәтижесінде зардап шеккен адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Алдын ала деректер бойынша, оның қабырғасы сынған және бірнеше тісі жұлынған. Қазір жанжалдың нақты мән-жайы мен денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығы анықталып жатыр.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі басылымға бұл факті бойынша құқық қорғау органдарына ешқандай өтініш пен шағым түспегенін хабарлады. Сонымен қатар, жанжалға қатысушылардың жеке басы анықталған, қазір тексеру жүргізілуде.

«Азаматтардың өздерінің түсіндірмелеріне сәйкес, болған жағдай қойылымдық сипатта болған және инсценировка еді», — деп атап өтті тәртіп сақшылары.