Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ораза өмірді ұзартады

Ораза тұтудың өмірді ұзартатыны, стресс және қант диабеті секілді аурулардың алдын алатындығы анықталды. “Proceedings of the National Academy of Sciences” атты журналда берілген хабарда, жасалған сынақтар нәтижесінде екі күнде бір тамақ берілген жануарларда, жүйелі түрде бірақ аз тамақ берілген жануарларға қарағанда аз стрессті және қандарындағы шекер және инсулин деңгейлері өте қалыпты жағдайда болғаны анықталды.

АҚШ-тың Мэриленд аймағындағы (NIH) Ұлттық Денсаулық сақтау Институтының ғалымы Марк Матсонның жетекшілік еткен тобы арада бір ораза тұтумен жүйелі аз тамақтанудың әсерін салыстыру үшін сынақтар жүргізді.

Матсон бұрын жасаған сынақтарында берілген каллория мөлшерін үштен бірге түсіргенде жануарлардың саулығының жақсарғанын айтып өтті. Ал жасалған жаңа сынақтағы екі күнде бір рет ораза тұтудың әсері одан да әсерлі болғандығын мәлімдеді.

Бұл топ бұрын жасаған зерттеулерінде жүйелі аз қоректенген жануарлардың паралич және Паркинсонмен Альцгеймер секілді неврологиялық ауруларға аз шалдыққандарын анықтаған еді. Матсон жүйелі аз қоректенгендерде де ораза тұтқандарда да миында нерв клеткаларының үлкеюін және өлмеуін қамтамасыз ететін BDNF (Brain-Derived Neurotrophic Factor) затының бөлінетіндігін мәлімдеді.

Сілтеме: Мүбәрәк Рамазан айы өте қасиетті, мәртебелі


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама