Тақырыбы: Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы және оның маңызы. Изомерия
Білімділік мақсаты: Оқушылардың органикалық реакциялардың жіктелуі және механизмі туралы алған білімдерін қайталау;
дамытушылық: түсіндіру біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру, көңіл аудару, еске сақтау қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік: сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ типі: Қайталау сабағы
Сабақ өткізілу түрі: кітаппен өздік жұмыс, орындау, кестемен жұмыс, мұғалімнің түсіндіруі, кітаппен өздік жұмыс, фронталды сұрақтар;
Құралдар мен реактивтер: Кітап, дәптер, интерактивті тақта, ХЭПЖ, ДДТ - 1
Ұйымдастыру
кезеңі: (Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)
- сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;
- оқушыларды психологиялық дайындау.
Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Сабақтың білімділік мақсаты:
- үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру;
- білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді, тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау;
- кеткен кемшіліктерді жою.
Айналым бойынша жаттығу тексеру.
Оқушыларды білімді, саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі: 1. Сабақ тақырыбын хабарлау. Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.
Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою. Білімді жаңғырту. (Актуализация )
Білімділік міндеттері:.
- оқушылардың білім алуға деген ынта - ықыласын жұмылдыру.
- оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;
- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы, ой қорытындыларын жасауы, жалпылай және жүйелей білуі.
2. Оқыту проблемалары:
3. Білімді жаңғырту:
Фронталды әңгімелесу:
ОҚҚТ шығуына қандай себептер негіз болды?
ОҚҚТ негізгі қағидаларын тұжырымдап беріңдер.
Органикалық қосылыстарға қандай химиялық байланыс тән?
Коваленттік байланыс қалай түзіледі?
Коваленттік байланысқа сипаттама бер?
Н - Сl, Н - Н, Сl - Сl атомдар арасында байланыс түзілгенде қандай орбитальдар өзара қаптасады?
Химиялық реакцияның қандай белгілері бар?
Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы және оның маңызы. Изомерия. жүктеу
Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы және оның маңызы. Изомерия
Тақырыбы: Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы және оның маңызы. Изомерия
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

