Өркениетке бастайтын жол – сапалы математикалық білім

ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев
Қазіргі кезде Қазақстан үшін тактикалық әрі стратегиялық дамудың басым міндеттерінің бірі – білім беру жүйесін ақпараттандыру саласында прогресшіл саясат жүргізу. Білім беру жүйесінің сапасын арттыру үшін инновациялық технологиялармен байыту, оқытудың интенсивтік сипатын арттыратын құралдар мен әдіс - тәсілдерді және күтілетін нәтижелерге бағдарлап оқыту арқылы жеке тұлғаның дамуын қамтамасыз ету.
Кез - келген өндіріс саласы өз өнімін өндірер алдында «нені – қалай – кім үшін?» деген сауалға жауап іздейді. Ол үшін өзінің бәсекелесіне, тұтынушыға жан – жақты зерттеулер жүргізеді. Сонда ғана оның тауары өтімді бола алады. Міне осы саясатты ұстанған М. Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінде 1997 жылы «0303002 – Математика» біліктілігі бойынша мамандық ашылды. Облыс көлеміндегі мектептерде бұл мамандыққа сұраныс көбейіп, бітірушілердің математика бағытында жұмысқа орналасуына қиындық болған жоқ, әрі жоғарғы оқу орнының қысқартылған бағыттағы күндізгі, сырттай бөлімдерінің мемлекеттік гранттарын иеленіп білімдерін жалғастыруға мүмкіндік болғандықтан, жалынды жастар көптеп келе бастады.
Болашақ ғалымдар – бүгінгі күннің оқушылары десек, ертеңгі өрелі ізденістерді бүгіннен бастап білуі керек. Ол үшін жеке пән мұғалімдерінен оқушылардың бір пәннен алған білімін басқа бір пәнде пайдалана алатындай дәрежеде жұмыс жүргізу талап етіледі. Бұл дегеніміз әрбір оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту десек, онда негізгі роль атқаратын пән – математика. Ал оқушылар бұл пәннен тыңғылықты терең білім алу үшін математиканың өзіндік “философиясын” меңгеруі қажет. Логикалық ойлау қабілеті жоғары оқушы қай пәннің материалын болса да оңай меңгеріп, тез түсінеді. Математика пәнінен оқу үлгірімі жақсы оқушының басқа пәндерден де үлгірімі жақсы болады. Себебі әр пәннің оқу материалдары мазмұндары жағынан әр түрлі болғанымен, оны игерудегі логикалық ойлау операциялары мен ой қорыту формалары бірдей болып келеді. Сондықтан да бүкіл білім беру жүйесінің сапалы болуы, математикалық білімнің сапасына тікелей тәуелді десек қателеспейміз. «Неге?» деген сұраққа ғұлама ғалымдардың пікірлері арқылы жауап беруге болады.
«Табиғат деп аталатын Ұлы Кітаптың тілі – математика» (Галилео Галилей).
«Математиканы ақыл – ойды реттейтін болғандықтан да оқу керек» (Михаил Ломоносов).
«Математикалық дәлелдеуден өтпеген зерттеу нәтижесі шынайы білім деп атала алмайды» (Леонардо да Винчи).
Қазіргі уақытта қоғамды дамыту үшін орта мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып, толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын сауатты, қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. Ол үшін математика мұғалімнен жалпы іргелі және арнайы математикалық білім ғана емес, педагогтік қызметке шығармашылықпен қарайтын, іскерлік белсенділік көрсету арқылы өз білімін үздіксіз жетілдіріп отыру қабілеті де талап етіледі. Дәл осындай қасиеті бар мұғалім қоғамның жедел өзгерістеріне тиімді түрде бейімделе алады.
Осы мақсатта 21 қыркүйек 2013 ж М. Мәметова атындағы гуманитарлық колледжде математика мамандығының студенттері мен оқытушылары ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ғалым, академик Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлының қатысуымен «Шабыт – іздеген адамға ғана кезігетін қонақ» атты сыр сұхбат куәгері болды. Бір туар тума талант, жерлесіміз, қазақтың мақтанышы болған ел ағасының өз аузынан қажетті сұрақтарына жауап алу, лекция тыңдау жастар үшін рухани азық дер едім. Мұны қытай ойшылы Конфуций «Естігенімді – ұмытамын, көргенімді – есте сақтаймын, өз істегенімді – меңгеремін» деп айтқан екен.
Сондықтанда қоғам талаптарына тез бейімделе алатын мамандар дайындау үшін ұжым шығармашылықпен жұмыс жасап, шәкірттерін түрлі конкурстарға қатыстырып, нәтижеге қол жеткізіп жүр. Оның дәлелі 2014 жылдың қараша айында ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ғалым, академик Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы атындағы математикадан өткізілген облыстық конкурсқа математика факультетінің 4 студенті қатысып, 2 – курс студенті Ә. Аяпова мен 3 - курс студенті А. Каденова 100 000 теңгелік сыйақыны иеленді. Бұл конкурс дәстүрге айналып, мектеп оқушылары, студенттер, жас математика пәнінің мұғалімдері арасында тартысты бәсеке туғызып, алға жетеледі. 2015 жылы қазан айында өткен бұл конкурсқа колледждің математика факультетінің 7 студенті қатысып, 2 – курс студенті А. Жұбатқанова 100 000 теңгелік сыйақыны жеңіп алса, ал қалғандары грамотамен марапатталды. Білім алушы студенттер арасында түрлі конкурстарға қатысып, жетістіктерге жетіп жүргендері қаншама. Солардың бірі қазіргі таңда 4 курс студенті А. Ержанов 2015 ж мамыр айында «Зияткер» облыстық білім беру орталығы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған Облыстық «Үздік жас ғалым» ғылыми жұмыстар конкурсында І орын иеленді. Мұндай жетістіктер 2014 жылғы математика мамандығын бітіруші түлектердің арасындада жетерлік. Атап айтсақ 2012ж студенттер арасында өткізілген облыстық математика олимпиадасында математика мамандығының студенттері А. Ізтілеуова І орын, ал Д. Құлабаев ІІІ орын иегері атанды. Қазіргі таңда бұл студенттер – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің математика мамандығы бойынша күндізгі қысқартылған түрде білімін жалғастырушы, мемлекеттік грант иегерлері болса, Б. Бұлдырықова 29. 11. 2013 жылы «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты педагогикалық мамандықтар бойынша білім алушы жоғарғы курс студенттеріне арналған облыстық байқауда әділ - қазылар мен көрермендер көзайымына айналып жүлделі ІІ орынды иеленді.
2014 жылғы математика мамандығын бітіруші 23 түлектің 7 - і қысқартылған бағыттағы жоғарғы оқу орнының математика мамандығы бойынша күндізгі бөлімге бөлінген 8 мемлекеттік гранттың 7 – н жеңіп алса, ал былтырғы 2015 - 16 оқу жылында осы мамандықты бітіруші 19 түлектің 14 – і облыс көлеміндегі мектептерде мамандығы бойынша жұмысқа орналасты. Бітіруші А. Каденова мемлекеттік грант бойынша білімін Астана қаласындағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жалғастыруда.
Бүгінде коллеждің оқу – материалдық, оқу – техникалық базасы жаңа үлгідегі компьютерлер, интерактивті тақталармен жаңаланып, білікті оқытушылар қатары көбейді. Қазіргі таңда математика мамандығына сабақ беретін ұстаз – математиктер О. А. Жәутіков атындағы физика – математика мектебінің түлегі Қ. Жұмағұлов, колледждің математика мамандығының 2001 жылғы түлегі, жоғарғы оқу орнының мемлекеттік грант иегері, магистр Г. Сәрсен.
Қазіргі таңда математиктердің алдында тұрған проблеманың бастысы – оқушылардың математика пәнінен үлгірімінің төмендігі. Ал бұның негізі мектептен бастау алады десек қателеспейміз, себебі студенттерге жүргізілген сауалнамадан әрі бақылау жұмыстарының нәтижесінен байқағанымыз оқушылардың көпшілігі дайын үлгідегі стандарттық есептерді шығарғанмен, ойлауды қажет ететін есептерді шығаруда қиындыққа тірелетіндігі, әрі математикалық қателіктерге көп бой алдыратындығы. Ал осындай математикалық қателіктер жүрген кезде математикалық білімнің сапасы артады деп айтудың өзі ойландыратын нәрсе. Математика пәнінен оқушылар білімінің төмендігі «жалған түсінік, қате тұжырымдармен улаудан» болуы мүмкін деген пікір бар. Қате тұжырымдар практикалық қолданыста жиі қайталанса, тұрақтылық сипат алып, нақты тұжырымдарға айналуы мүмкін. Мұның себебіне өздігінше оқып түсінуге оқулық мазмұнының ауырлығы, бағдарламадағы бірізділіктің жоқтығы негіз болатын сияқты. Сонымен бірге кейбір мұғалімдер білімінің әлсіздігі де себеп сияқты. Олай болса сапаны әр мұғалім өзінен бастауы қажет. Содықтан да
• ойлаудың еркіндігін,
• сананың салауаттылығын,
• өзіндік болмысты,
• тапқырлықты керек ететін есептерді шығару қажет.
Ол үшін мұғалімінің бірінші әрі ең басты міндеті есеп шығарудың әдістемелік жақтарына назар аудару.
Елбасы Қазақстан – 2050 стратегиясында дамыған 30 елдің қатарына қосылу міндетін қойды. Ол үшін дұрыс ой қорытатын және сауатты экономикалық есеп жүргізе алатын мамандар қажет. Ал бұл мамандар ел үшін қайтарымсыз байлық десек, осы байлықты дайындайтындар біздер, яғни мұғалімдер екенін естен шығармауымыз қажет.
М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің
жоғары санатты математика пәнінің оқытушысы
Ғ. Х. Суханбердина
Толық нұсқасын жүктеу